Сіздің облысы: Қызылорда облысы

«Кенеден сақтан», «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыптарында семинар өткізілді.

Қабылов атындағы №12 IT мектеп — лицейінің 9-10 сынып оқушылары арасында «Кенеден сақтан», «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыптарында семинар өткізілді. Семинарға орталық маманы З. Абдирова және Облыстық жастар денсаулығы орталығы маманы А. Алдабергенова, Орталық емхананың СӨС маманы Д. Асқар қатысты. Семинар соңында қатысушыларға ақпараттық танымдық материалдар таратылды.