"Дұрыс тамақтану әліппесі мен дене белсенділігі" тақырыптарында түсіндірме семинар-тренинг өткізілді
 
"Марал-Шах" балабақшаның МАД тобының балалар арасында "Ауыз қуысының тазалығы", "Балалар арасында жарақаттанудың алдын алу: тұрмыстық, аулада, көліктік", "Дұрыс тамақтану әліппесі мен дене белсенділігі" тақырыптарында түсіндірме семинар-тренинг өткізілді. Семинарға орталықтың маманы Б. Мықтыбаева, балабақшаның мейірбикесі Ідірісова Б.Ж. қатысты. Әр-түрлі тақырыптағы ақпараттық-танымдық материалдар берілді.
 
 
