"Қарттар күні" аясында Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында іс-шара өткізілді

1 қазан – Қарттардың халықаралық күні. 1990 жылдың 14 желтоқсанындағы БҰҰ Бас Ассамблеясының ресми бекітуімен пайда болған бұл күнді әлем халқы 1991 жылдан бері атап өтіп келеді. Бұл күннің басты мән-маңызы – жастық шағынан зейнеткерлікке дейін жұмыс істеп тер төккен қарияларың қоғам, мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеп сый-құрмет көрсету, олардың бүгінгі күндегі мәселелеріне, қажеттіліктеріне көңіл бөлу, жас және орта буынның назарын оларға қамқорлық жасауына ықпал етуге саяды. Қарттарға құрмет – күллі әлем халқының ізгі салты. Әсіресе біздің қазақ халқы үшін қарттар ежелден отбасының, әулеттің, ауылдың, ел-жұрттың басалқасы, ұйытқысы ретінде қарастырылып келген.Бүгін, 1 қазан күні "Зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мекемесінде "Маралшах" бөбекжай балабақшасының балалары қатысуымен, ардақты қарттарымызға мерекелік ән шашуын сыйлады, орталық басшысы Мария Темірбекқызы ардагерлерді құттықтап, арнайы мерекелік тәттілерін тарту етті.