Сіздің облысы: Қызылорда облысы

«Қызылорда қаласы жаратылыстану-математика бағындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» спорт залында 7 сынып оқушылары арасында "Балалар денсаулығы - ұлт денсаулығы" ұранымен спорттық шара өткізілді

«Қызылорда қаласы жаратылыстану-математика бағындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» спорт залында 7 сынып оқушылары арасында "Балалар денсаулығы - ұлт денсаулығы" ұранымен спорттық шара өткізілді. Жарысқа «Мақсат», «Толағай», «Шабыт» атты үш команда қатысты. Сайыс 5 турдан тұрды:
1. таяқшамен жүгіру
2. секіртпемен жүгіру
3. баскетбол добын жерге ұрып жүгіру
4. шығыршықпен жүгіру/тасымалдау
5. арқан тартыс.
Жарыс қорытындысы бойынша команда капитандары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.