Сіздің облысы: Қызылорда облысы

АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» Білім беру ұйымдарында «Дене шынықтыру» пәні бойынша білім алушылардың физикалық жаттығуын және оқу жетістіктерін критериалды бағалауын енгізу бойынша секциясы өтті

2025 жылғы 20 тамыз күні ПЕДАГОГТЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ аясында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» Білім беру ұйымдарында «Дене шынықтыру» пәні бойынша білім алушылардың физикалық жаттығуын және оқу жетістіктерін критериалды бағалауын енгізу бойынша секциясы өтті.Секцияның мақсаты: 2025-2026 оқу жылының жоспарын таныстыру, «Дене шынықтыру» пәні бойынша білім алушылардың физикалық жаттығуын және оқу жетістіктерін критериалды бағалануын енгізу пилоттық жобасын дене шынықтыру педагогтеріне түсіндіру.Секция отырысына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі ортылығының лектор, тренерлері, облыстық психологиялық қолдау орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының лектор, тренері, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы, білім бөлімдерінің әдіскерлері және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты.Бағдарламаға сәйкес 2025-2026 жж. оқу жылының жоспары, «Дене шынықтыру мұғалімінің педагогикалық этикасы», «Жыныстық сауаттылық: бұл туралы мұғалім не білуі керек!», «Дене шынықтыру сабағында оқушының естен тану кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету», «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың дене шынықтыру сабағына қатысудың ерекшеліктері мен нормативтік негіздері», «Білім алушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру», «Дене шынықтыру жаттығуларын өткізу тұжырымдамасы», Жалпы орта білім беру ұйымдарында «Дене шынықтыру» пәні бойынша білім алушыларды критериалды бағалауды енгізу тақырыптары бойынша спикерлер педагогтермен теориялық және практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ұстаздардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.Жалпы секциялық отырысқа қатысқан 90 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арнайы сертификаттар табысталды.