«Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді

«Қуаныш» бөбекжай балабақшасының қызметкерлері арасында «Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға орталық маманы З. Абдирова және №5 қалалық емдеу алдын алу мекемесінің СӨС маманы Г. Қарамергенова қатысты. Семинар барысында қатысушыларға тақырыптық ақпараттық танымдық материалдар таратылды.