Тұрмыстық және жол-көлік жарақатының алдын алу
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ)2016 жылғы мәліметтері бойынша жыл сайын жол-көлік апатының нәтижесінде 1,25 миллионға жуық адам қаза табады. Жол-көлік жарақаттары (бұдан әрі – ЖКЖ)15-29 жастағы жас адамдардың өлім-жітімінің басты себебі болып табылады. Жолдағы өлім-жітімнің 90%-дан аса оқиғасы әлемдегі көлік құралдарының шамамен жартысы тиесілі болғанына қарамастан, табыс деңгейі төмен және орта елдерде орын алады. Әлемде жолда қаза табатын адамдардың жартысы «жолды осал қолданушылар» - жаяу жүргіншілер, велосипедшілер мен мотоцикл жүргізушілері болып табылады. Болжам бойынша әрекетсіздіктен жол-көлік оқиғасының саны өсіп, 2030 жылға қарай өлім-жітім себебінің маңызы бойынша жетінші орынды алатын болады.
Жол-көлік жарақатының нәтижесінде зардап шеккен тұлғалар, олардың жанұялары және бүкіл ел айтарлықтай экономикалық зардап шегеді. Бұл залалдар емнің құнымен (соның ішінде сауығу мен апатты тексеруге), сондай-ақ төмендеген/шығындалған өнімділікпен (мысалы, жалақысын жоғалтуға) байланысты, алынған жарақаттың нәтижесінде қаза тапқан немесе мүгедек болған адамдар, олардың отбасы мүшелеріне жарақат алған туысын күту үшін жұмыстан (немесе мектептен) бос уақыт қажет.Жарақатқа байланысты шығынды ғаламдық бағалау шамалы, дегенмен 2010 жылы жүргізілген зерттеу ЖКЖ-ның елдерге ұлттық жалпы өнімнің шамамен 3%-ын қамтитынын болжаған. Бұл көрсеткіш кейбір табыс деңгейі төмен және орта елдерде 5%-ға дейін өседі.
Жарақаттар (жол-көлік жарақаты, суға бату, күю, биіктен құлау мен улану) 5-15 жастағы балалар арасында өлім-жітім мен мүгедектіктің басты үш себебінің бірі болып табылады. ЖКЖ көлемін төмендету 5% (13 мыңға дейін), қаза тапқандар саны 4,3% (1,7 мыңға дейін), жараланғандар саны 3% (16,9 мыңға дейін) құрайды. Орташа жылдамдықты 5%-ға дейін төмендету қауіпті апат санын 30%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Балаларға арналған орындық және қосымша құралдар (жастықтар) балалардың өлім-жітімін апат болған жағдайда 54-тен 80%-ға дейін төмендете алады.
Үнемі өткізіліп отыратын «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Назар аударыңыз – балалар!» және т.б. кең ауқымды профилактикалық шаралардың нәтижесінде Жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау 0,5% (1 млн.687 мыңға дейін) артқан. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы үш жыл ішінде көлік құралдарының тоқтаусыз өсуіне қарамастан (+8%, 4,5млн. дейін) елде апат көрсеткішінің төмендеуінің тұрақты беталысы байқалуда.
Балалардың жол-көлік және тұрмыстық жарақат алу мәселелерінің әлеуметтік маңызы белгілі және осы мәселелерді шешу нені қабылдау керектігін білетін дәстүрлі медицина мен кімді және қалай оқыту немесе сақтандыру керектігін білетін педагогика ғылымдарының арасындағы шекаралық аймақта қалуда.Аталған мәселелердің сипаты барлық жағынан өз денсаулығыңды өзің сақтау ретінде өзіңнің қауіпсіз өміріңе жауапты қарым-қатынасқа және басқа адамдардың денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеуденкөрінеді.